Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мама, мен жазыламын ба?": Алты жасында қартайып кеткен сәбидің сөздері елді жылатты

Опубликовано:

Қазақстандық 6 жасар Ернар Әлібеков сусымалы тері синдромына шалдыққан. Кішкентайынан қартайып кеткен сәби қазір өз диагнозын жатқа біледі екен. Баласының қазіргі жағдайы мен жоспары туралы анасы айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz: UGC

Әлі емі табылмаған ауруға шалдыққан Ернардың анасы баласының алғыр екенін айтады. Ол алғашында қазақша сөйлеп, кейіннен орыс тілін де үйреніп кетіпті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz: UGC

Ол өзін-өзі жақсы ұстап, сезімі мен ойын көп сыртқа шығармайтын көрінеді. Тіпті, анасының "Мені жақсы көресің бе?" деген сұрағына "мүмкін" деп қана жауап қайтарады екен.

"Ернар өзінің ерекшелігін түсінеді. Диагнозын да жатқа біледі. "Мама, мен жазыламын ба?" деп сұрайды. Ешқашан үмітіңді үзбе деймін", - дейді анасы.

Зебвинса ұлының тері астындағы коллагендері мен иілгіштері бұзылғанын айтады. Тіпті, ол климат ауыстырғанда қатты әлсіреп қалады екен.

Ернардың ағзасы кез келген вирусты жылдам жұқтырады. Сондай-ақ, сәбидің күніге бірнеше рет демікпесі ұстайтын көрінеді.

Қазір Ернардың кірпіктері ішке өсіп жатыр екен. Ата-анасы оған ота жасауды жоспарлап отыр.

Анасының айтуынша, аулада Ернарды бәрі біледі, ешкім оны бөліп жармайды. Ол өзінің ерекше екенін басқа жаққа шыққанда ғана қатты байқайтын көрінеді.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz: UGC

Зебвинсаның сөзінше, баласы білімге құштар. Тіпті, ұйықтар алдында анасынан ауыр энциклопедия оқып беруін сұрайды екен.

Ернар болашақта профессор болуды армандайды.

"Оның арманы көп. Бір білетіні - профессор болу. Екінші мамандығы күнде өзгереді. Бірде аспаз боламын десе, кейде қорықтың күзетшісі болғысы келеді" , - дейді Зебвинса.

Қазір Ернарға анасы күтім жасап отыр. Таңертеңнен ингаляция жасап, түрлі гармондық дәрілер қабылдатады екен.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz: UGC

Зебвинса барлығы жақсы боларына сенетінін айтады. Ол ұлы үшін әрдайым мықты болуға тырысатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746162-mama-men-zazylamyn-ba-alty-zasynda-kartajyp-ketken-sbidi-szderi-eldi-zylatty/

pixel