RU
Атыраудан қыз алған жігіт батыстағы той ерекшеліктерін тізіп берді
Жаңалықтар Қоғам

Атыраудан қыз алған жігіт батыстағы той ерекшеліктерін тізіп берді

Рассказать Вконтакте

Атыраулық бойжеткенді жар еткен астаналық жігіт батыстағы той ерекшеліктерін көріп, таң қалғанын жасырмады. Айтуынша, батыстағы тойлар уақытынан тым кеш басталып, күйеу жігіт келіндерше қайын жұртына қызмет етеді екен. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

Астаналық Ернұр есімді ер-азамат (авт. аты-жөні өзгертілді) атыраулық аруды өзіне өмірлік жар етіп, күні кеше ғана шаңырақ көтергенін айтты. Батыс өңірінің тойға қатысты салт-дәстүрлерін жиі естіген ол, көзбен көргенде тіптен таң қалдым дейді. "Бұрындарды батыс жақтағы той дәстүрлері басқаша екенін жиі еститінмін. Бірақ көзбен көргенде тіптен таң қалдым. Қалың мал, киіт деген сынды дәстүрлер ол жақта да бар екен. Шымкенттегідей "әкесінің құнын" сұрамаса да, арзанға қыз бермейтіндері рас енді.

Сосын, қызды алып кеткенде, жалғыз жібермейді екен. Онымен бірге Астанаға бірнеше жеңгесі келді. Оларды бос қайтармай, шамамыз келгенше, сәлем-сауқытын бердік. Ал, тойдың жыры тіптен бөлек әңгіме. Бізде тойға 1-2 сағат ғана кешіксе, ол жақта 3-4 сағатқа тойға кешігу қалыпты жағдай. Қазақстанның басқа өңірлерінен ерекшеленетін тағы бір дәстүр – қалыңдық ұзату тойында да, өз тойында да бір ғана ақ көйлекті киеді. Қызық, бірақ дәстүрлері солай болған соң, еріксіз көндік", - дейді жігіт.

Сонымен бірге ол батыста күйеу баланың келіндерше қызмет ететінін айтып қалды.

"Күйеу бала деген келіннен артық қызмет етеді десем артық айтқаным емес. Әрине, онда тұрған ештеңе жоқ, бірақ басқа жақтарда ондайды көрмеппін. Ол жақта үйге қонақ келгеннің өзінде ер адамдар бөлек, әйелдер бөлек дастарханда отырады. Дәл сол ерлерге қолымнан келгенше қызмет еттім. Табақ тасып, ет турап дегендей. Жалпы, қайын жұртыма еш ренішім жоқ, тек осылай күйеу баланы жүгіртіп қоятындары қызық екен", - деп әңгімесін аяқтады ер-азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
1
2
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel