RU
Астанада өз туған күнінде дүкенге кеткен 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада өз туған күнінде дүкенге кеткен 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанаға жақын маңда 16 жастағы Диана Тұрғанбаева өз туған күнінде жоғалып кетті. Ата-анасы мен туыстары қызды төртінші тәулік іздестіріп жатыр. Бұл ақпарат rina.kz еріктілеріне жіберілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Диана Тұрғанбаева-rina.kz/ "Лесная поляна"-krisha.kz

Фото: Диана Тұрғанбаева-rina.kz/ "Лесная поляна"-krisha.kz

Қосшы ауылының тұрғыны Диана Тұрғанбаева 3 тамыз күні велосипедпен дүкенге кетіп, қайтып оралмаған.

Қыздың жоғалғаны туралы туыстары еріктілерге хабар беріпті.

Дәл сол күні 16 жасқа толған Диана ақ жейде мен қою көк түсті шалбар киген. Аяғында алқызыл түсті аяқ киім болған екен.

Жоғалған соң үйде қыздың қара көйлегі мен лимон түстес ішкөйлегі жоғы анықталған.

Диананың бойы-160-165 см, өзі көзілдірік тағады.

Жоғалған қыз "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінде тұрған.

"Кез келген ақпарат бойынша мына нөмірлерге хабарласуды немесе Whatsapp-қа жазуды сұраймыз- 8 705 550 84 25, 8 775 650 66 95, 8 775 826 85 05, 8 775 769 2969 немесе 102", - дейді еріктілер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel