RU
Алматылық ару Семейдегі адамшошырлық "әуежайды" көріп, жағасын ұстады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық ару Семейдегі адамшошырлық "әуежайды" көріп, жағасын ұстады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматылық тұрғын Семейдегі адамшошырлық күйдегі әуежайды көріп, таңданысын жасырмады. Айтуынша, онда тіпті ұшақтардың ұшу алаңдары да жоқ екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Алматылық ару Семейге сапарын былай деп еске алады.

"Маған шұғыл түрде Семейге жету керек болды, сондықтан билетті кетуге бар-жоғы бір күн қалғанда ғана алдым. Барарда Ташкент-Новосібір поездымен Семейге жеткен едім. Алайда, ондағы "мүшкіл" жағдайды көріп, қайтарда ұшақпен қайтамын деп бел будым. Негізінен Семейдегі әуежай 2017 жылдың сәуір айында жөндеу жұмыстарына жабылды дегенді естіген едім, бірақ осы күнге дейін әуежай өз жұмысын бастаған болар деп болжадым. Билет құны 36 мың теңгені құрады. Билетті алған соң, мен рейс расымен де бар ма екенін білу үшін, әуежайға қоңырау соқтым. Бірақ өкінішке орай әуежай телефоны жауап бермеді. Сосын әуе компаниясына хабарластым. Қуардықтың көкесі осы мезетте басталды", - дейді Елена есімді тұрғын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ондағылар алматылық аруға "әуежай өз жұмысын бастамағанын, тіпті, әзірге ұшу алаңдарының да жоқ" екенін баяндаған.

"Олар ештеңеге уайымдамаңыз, АН-24 ұшағы ұшу алаңызсыз-ақ, грунттан да ұша береді деп салды. Ал, әуежай нысанының адамшошырлық күйде тұрғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек көру керек шығар", - дейді алматылық ару.

Әуежайдың ішкі көрінісіне келер болсақ, күту залы мен тіркеу орнындағы көрініс шамамен мынадай екен:

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өкініштісі жолаушыларды отырғызу талоны да қолмен толтырылады екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал бұл күту залы:

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жолаушылар тіркелгеннен кейін, оларды мынадай автобус күтіп тұрған көрінеді:

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Автобус баршамызды ұшаққа алып келді. Сөйтіп, ұшағымызға отырып, грунттан әуеге бір-ақ көтерілдік. Ұшуымыз да, жерге қайта қонуымыз да бәрі ойдағыдай болды. Ұшақ пилоты мен стюардтарға айтар алғысымыз шексіз, әуежайдың жоқтығына қарамастан, олар жолаушыларды діттеген жерлеріне жеткізіп жатыр",-дейді ару.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
1
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel