RU
Белгілі саясаттанушы Дубайда киімге он мың долларлап ақша шашқан министр туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі саясаттанушы Дубайда киімге он мың долларлап ақша шашқан министр туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал саясаттанушы Расул Жұмалы Дубайға барып, баласына он мың долларға киім алған министр туралы айтты. Оның айтуынша, оқиға 2003 жылдары орын алған деп жазады NUR.KZ.

Белгілі саясаткер Дубайда киімге он мың долларлап ақша шашқан министр туралы айтты

Көрнекі фото: dubai_state
Source: UGC

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасына жазды.

"Дубайда Бас консул боп жүргенде бір министрді дүкенге апардым. Бірер сағаттан соң алып кетуге келгенде әлгінің сөзі: "Мына жер рахат екен ғой, ұлымды он-ақ мың долларға киіндірдім". 2003 жыл шамасы. Қонақүйге дейін үнім өшті", - дейді ол өзінің жазбасында.

Оның бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікірлерін жазып, талқыға салды.

"Арзан киіндіріпті ұлын. Бір адамды танушы едім, бір кеште 30 мың долларға айелін киіндірген", "Мен сонда болсам бетіне бірақ айтар едім. Үндемеген соң ғой білгендерін істеп, халықты адам құрлы көрмейтіндері. Бəріне өзіміздің қазақшылығымыз кінəлі. Расулдың орнында басқа ұлт өкілі болса дымы шықпас еді", - деп жазды олар.

Айта кету керек, ол министрдің атын атап, түсін түстемеген.

Сіздің реакцияңыз
8
0
6
4
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel