RU
Ақтөбеде "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламаларының промо-акциясы өтеді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламаларының промо-акциясы өтеді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы мен 7-20-25 ипотекалық бағдарламасын түсіндіру жұмыстары өте қарқынды түрде жүргізіліп жатыр – деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларының промо-акциясы өтеді

Биылғы жылы "7-20-25" бағдарламасы бойынша 24 мың ақтөбеліктің пәтер алуы жоспарланған, қазір Ақтөбеде 21 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасын екінші деңгейлі 7 банк арқылы жүзеге асыруға болады. Қазір қалада тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы – 150,6 мың теңге, бұл республикалық деңгеймен салыстырғанда төмен бағалардың бірі. Ал "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жылдың соңына дейін 1200 ақтөбелік баспаналы болуы тиіс.

Ақтөбеде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларының промо-акциясы өтеді

Осы орайда, Ақтөбе қаласының әкімідігі жоғарыда аталған бағдарламарды тұрғындар арасында кеңінен ақпараттындыру мақсатында 7 тамыз күні сағат 19:00-де Түңғыш Президент атындағы саябақта екінші деңгейлі банктердің, құрылыс компанияларының қатысуымен өтетін промо-акцияға шақырады.

Ақтөбеде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларының промо-акциясы өтеді

Жиналған тұрғындарға әр банк өкілдері бағдарлама аясында қаланың қай аумағынан үй алуға болатынын, жаңадан бой көтерген дайын үйді сатып алудың мүмкіндіктерін, бастапқы жарна мөлшері, қаржыландыру мерзімін туралы толықтай ақпарат беретін болады.

Бұдан бөлек, Тұңғыш Президент атындағы саябақ сахнасында Италияның Сан-Ремо қаласынан келген тенор әнші Gordini Rodolfo, Isabella Biffi сынды және т.б әншілер қала тұрғындарына тамаша ән кешін сыйламақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
4
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel