RU
Беделді БАҚ-тың журналисі Данияр Елеусіновтің үшінші жекпе-жегін сынап тастады
Жаңалықтар Спорт

Беделді БАҚ-тың журналисі Данияр Елеусіновтің үшінші жекпе-жегін сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Беделді BoxingInsider.com сайтының шолушысы Оливер МакМанус Олимпиада чемпионы болған Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы жұдырықтасуына көңілі толмайтынын жеткізді деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Олимпиада чемпионынан барлығымыз күткеніміз бұл емес. Әуесқой бокста ол тамаша өнер көрсетіп жүрді. Эдди Хирн оны алып кеткенде, мен оның тартысты әрі тамаша бокс көрсететініне сенімді болғанмын. Бірінші жекпе-жек бұлыңғыр болды, ал қалған екеуінде Елеусінов айқын жеңіске ие бола алмады. Келісімшарт жасалған уақытта ажиотаж туындаған еді. Қазір мұндай байқалмайды. Бұл жігітке өзінің "Қазақтың найзағайы" екенін дәлелдеуі керек", - деді МакМанус.

Еске салайық, тамыздың 4-нен 5-не қараған түні Данияр Елеусінов Кардиффте өткен бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичті ұпай санымен жеңді.

Кейін жекпе-жегеніне қатысты пікірін білдірген боксшы үшінші кездесуіне көңілі толмағанын жеткізген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel