Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық тележүргізуші Баянды танымал еткен адам туралы ашық айтты

Опубликовано:

"Махаббат бекет" филміне қатысты Талғат Теменов пен Баян Алагөзованың арасындағы жанжал таусылар емес. Көпшіліктің пікірі бұл оқиғада екіге бөлінді. Танымал режиссерді жақтап шыққандар қатарында отандық тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы да бой көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Танымал журналист орын алған оқиғаға байланысты өз ойын жинақтап, әлеуметтік желідегі парақшасына ауқымды жазба қалдырған.

Онда ол Талғат Теменовтың туындысына қол салғман Алагөзованы аяусыз сынап тастады. Оған қоса, Бибігүл Дәулетбекқызының танымал продюсерге өзін атақты еткен кім екенін ұмытпауын ескертті.

"Баян - бұрынғы Есентаева, қазіргі Алагөзова әпкеміз Талғат Теменовтің кезінде халықтың өліп-өшіп жақсы көрген "Махаббат бекетінің" 2 бөлімін түсіріп жатыр екен. Тағы келіп рұқсатын алмаған көрінеді. Ол ол ма, кейіпкерлердің аты Гүлнәз бен Орал.
Мәссаған, безгелдек! Талғат ағамыз шырылдап: "Бұл менің жазған "Гүлнәз" деген повестім ғой. Ал, "Махаббат бекеті" менің авторлық фильмім. Идеясына дейін көшіріп алғаны былай тұрсын, әуенін де алған" деп қынжыла айтады.
"Гүлнәз" повестін жазған белгілі режиссер Талғат Теменов көкеміз. Ол кісіні әлем таниды. Сыйлайды. Бас иеді. Осы повесть бойынша түсірілген "Махаббат бекеті" фильмінің режиссері де Талғат Теменов.
Неге Талғат Теменов секілді атақты режиссердің дүниесіне қол салады? Неге?!
Баян ханымға айтарым:
Егер Талғат Теменов болмаса, Баянды бүгін Қазақ халқы танымас еді. Баянды Баян еткен - Гүлнәз. Ал "Гүлнәз"-ді повесть етіп жазып, фильмнің идеясына дейін ойлап шығарған - Талғат Теменов. Миллиондаған көрермен сол фильм үшін де Баянның небір хикаяларын кешіріп келеді.
Ал, идея ұрлаған адамды өмірде жек көремін. Қарсымын! Сондықтан да, бұл жолы Талғат ағамыз жағындамын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746198-otandyk-telezrgizusi-baandy-tanymal-etken-adam-turaly-asyk-ajtty/

pixel