RU
Қызылордада үш сағат жұмыста болмаған мемқызметкер қызметінен қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада үш сағат жұмыста болмаған мемқызметкер қызметінен қуылды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында жыл басынан бері теріс себептермен 5 мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған. Олардың арасында себепсіз үш сағат жұмыс орнында болмаған мемқызметкер де бар деп хабарлайды МҚІЖҚКА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Baq.kz.

Көрнекі фото: Russiansu.ru

Көрнекі фото: Russiansu.ru

Вемдомствоның мәліметінше, биылғы жарты жылдықта қызметтен босатылғандардың 2-уі сыбайлас жемқорлық қарсы құқықбұзушылық жасағаны үшін, 2-уі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін қызметінен босатылған.

Ал тағы бір мемлекеттік қызметкер дәлелді себепсіз үш сағаттан астам уақыт жұмыста болмағаны үшін қызметінен қуылған.

Ал былтырғы жылдың алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған екен.

Айта кетейік, бұл өткен жылдың І-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,5 есе аз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel