RU
Атышулы Усама Бен Ладеннің ұлы лаңкестің қызына үйленді
Жаңалықтар Әлемде

Атышулы Усама Бен Ладеннің ұлы лаңкестің қызына үйленді

Рассказать Вконтакте

Усама бен Ладеннің ұлы Хамза 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған терактіні ұйымдастырушының қызына үйленді. Бұл туралы diapazon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: diapazon.kz

Фото: diapazon.kz

"Біз оны 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте теракт жасаған Мұхаммед Аттаның қызына үйленді деп естідік. Оның қазір қайда екенін білмейміз. Мүмкін, Ауғанстанда шығар", - дейді бен Ладеннің туыстары.

2011 жылы әкесі өлген соң Хамза джихадтарды АҚШ-қа, Ұлыбритания мен Францияға, Израильге қарсы соғыс ашуға шақырған. Сондай-ақ, ол "Аль-Каида" ұйымы басшысы Айман аз-Завахиридің орынбасары болып, әкесі үшін кек алуды көздеген екен.

Соңғы уақытта батыс барлаушылары Хамза бен Ладенді белсенді түрде іздеп жатқан көрінеді. Оның Аттаның қызына үйленуі - топтың әлі күнге дейін жоспарлы жұмыс істеп жатқанын байқатады.

Айта кетерлігі, Усама бен Ладен "Аль-Каида" террор ұйымының басшысы болған. Ол 1998 жылдан бастап іздеуде жүрген атақты террорист еді. 2011 жылы көшбасшы Пәкістанда өлтірілген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
5
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel