Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жойқын жер сілкінісінде намаз оқуын тоқтатпаған имам көпті тәнті етті

Опубликовано:

5 тамыз күні Индонезияның Ломбок аралында қуаты 7 магнитудаға жететін жер сілкінісі болып, салдарынан жүзге жуық адам қаза тапқан болатын. Табиғи апат кезінде мешіт ішінде намаз оқуды тоқтатпаған имам мен жамағаттың видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Иманы күшті имам жер сілкінісі кезінде де намазын оқи берді", - делінген видео анықтамасында.

Желі қолданушыларының басым бөлігі жер "теңселе" бастағанда қаша жөнелген азаматтарды сынға алса, енді бір тобы "ондай жағдайда кімнің қандай әрекетке барары белгісіз" деп жатты.

Сондай-ақ, олар аяқ асты басталған жерасты дүмпуі кезінде қаннен қаперсіз тұрған имамға тәнті болып, амандығын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746231-zojkyn-zer-silkinisinde-namaz-okuyn-toktatpagan-imam-kpti-tnti-etti/

pixel