Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ барбиі" атанған мінсіз мүсінді бойжеткен туралы не білеміз?

Опубликовано:

Динара Рахымбаева есімді ару - желіде қазақ барбиі ретінде танымал. Тірі қуыршақ секілді бойжеткен көпшілікті қайталанбас ерекше мүсінімен тәнті етуде деп жазады NUR.KZ.

1995 жылы туылған Динара Рахымбаеваның анасы - қазақ, ал әкесі - орыс.

Бойжеткеннің бойы - 175 см, салмағы болса 46 келіні құрайды.

Ел арасында қуыршақ ретінде танылып кеткен ару өзін барбиге теңейтіндерге риза емес болып шықты.

Көпшілік мінсіз мүсінді бойжеткенге бұл лақап аттың пайда болуынан кейін, жағымсыз пікірлерін жаудыра түскен.

Динара бүгінгі күні отандық сән әлемінің жарқын жұлдыздарының бірі. Ол түрлі түсірілімдерге қатысып, танымал басылымдардың фотосессияларына үздіксіз шақырылып жатады.

Көпшілікті арудың қайталанбас мүсіні қызықтырады. Ерлер қауымы аса сұлу бойжеткенге ғашық болып жатса, қыздар қауымы оны өздеріне үлгі етуде.

Бүгінде Динара табыс көзі ретінде өзінің Instagram парақшасын да қолданады. Оның парақшасына 470 мыңнан аса адам тіркелген. Бойжеткен онда бір жарнама жасау үшін қыруар қаржы алатыны анық.

Ару ешқашан пластикалық ота жасамағанын айтады. Ол мінсіз мүсінге үздіксіз жаттығулар арқасында жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746253-kazak-barbii-atangan-minsiz-msindi-bojzetken-turaly-ne-bilemiz/

pixel