RU
Зейнетақы қорына қарыз қазақ олигархы Еуропадағы элиталы үйлерінен айырылуы мүмкін
Жаңалықтар Экономика және бизнес

Зейнетақы қорына қарыз қазақ олигархы Еуропадағы элиталы үйлерінен айырылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазіргі таңда БЖЗҚ проблемалы эмитенттерден қарыздарды өндіріп алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыруда. Осы жұмыстар аясында еліміздің зейнетақы қоры "Қазақстан қағазы" АҚ-ға қатысты қалпына келтіру рәсімін тоқтату туралы шешімге шағым түсірді деп жазады Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зейнетақы қорына қарыз қазақ олигархы Еуропадағы элиталы үйлерінен айырылуы мүмкін

Фото: data-to-data.ru
Source: UGC

БЖЗҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылдың желтоқсан айында компанияның банкротқа ұшырау рәсімі басталған. Алайда Зейнетақы қоры бұл шешіммен келіспей отыр. Сондықтан олар биыл Жоғарғы сотқа шағым түсірген.

Жоғарғы сот шілде айында қалпына келтіру рәсімін тоқтату туралы бұған дейінгі шешімдердің барлығын қайта қарау жөнінде үкім шығарған. Сот коллегиясының отырысы 22 тамызға белгіленген еді.

"ҚаАқпарат" агенттігінің жазуынша, "Қазақстан Қағазы" компаниясының қорға берешегі 12,5 млрд теңгеге тең екен. Бұл туралы агенттікке БЖЗҚ заң департаменті мәлімдеген.

Енді қазіргі таңда аталған соманы қайтарып алу мүмкіндігі туып отыр. Бұған компанияның бұрынғы акционерлері Мақсат Әріп пен Бағлан Жүніске қатысты түсірген шағымы себеп болуы мүмкін.

«Қазахстан Қағазы» компаниясы жуырда Әріптің Лондонда алты қымбат пәтері болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл баспаналардың барлығы кипрлік фирмалардың атына тіркелген және Әріптің енесіне тиесілі болып шықты. Аталған жылжымайтын мүліктің жалпы құны 25 млн долларға тең.

Бұл қымбат үйлердің кімге тиесілі екенін Лондонның Жоғарғы соты анықтайтын болады. Егер олар Әріптікі болса, онда мүлікті бұғаттау туралы шешім шығарылады. Айта кететін жайт, Лондонның Жоғарғы соты "Қазақстан Қағазы" АҚ-ны қолдап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Мақсат Әріптің 95 млн доллар сомасындағы қаражаты мен құны 17 млн доллар болатын үйі тәркіленген еді.

Ал Бағлан Жүніс болса, бейбіт келісімге келіп, 3 млн долларға тең айыппұл төлеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel