RU
Үй-күйсіз қарияға баспана берген мейірімді бойжеткен жұрттың жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үй-күйсіз қарияға баспана берген мейірімді бойжеткен жұрттың жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Перьм қаласында 18 жастағы бойжеткен үй-күйсіз далада күнелтіп жүрген бейтаныс қарияны өз қамқорлығына алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй-күйсіз қария. Фото: fishki.net

Үй-күйсіз қария. Фото: fishki.net

Бойжеткен еріксіз далада қалған ақсақалға көптің көмегімен баспана тауып берген. Ол мүлде ішімдік ішпейтін ақсақалды жақындары үйінен қуып шыққанын айтып, желіде көпшіліктен көмек сұрайды.

"Пәтер жалдап тұруына ақша керек... Біз біріксек, бұл мәселені шеше аламыз. Мүгедек қария демікпеге шалдыққан. Бүгінде оған зейнетақы рәсімдеуге көмектесіп жатырмыз", - деп жазған ару желі парақшасында.

Бойжеткеннің жазбасынан кейін мейірімді адамдар оған ақша жинап берген. Бұл ақшаның көмегімен енді қария еш уайымсыз алты ай бойы пәтер жалдап тұра алады.

Одан бөлек ақсақалға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel