RU
Назарбаев Қытайдағы қазақтар мәселесін тезірек шешуді тапсырды
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Қытайдағы қазақтар мәселесін тезірек шешуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді деп хабарлайды ru.sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rus.azattyq.org

Фото: rus.azattyq.org

Сыртқы істер министрі қазіргі уақытта Қытайдағы 700 қандасымызға шекарадан шығуға тыйым салынғанын айтты.

"Қазір Шыңжаң Ұйғыр автономиялық округы Қазақстанға шығуға тыйым салынған 675 қандасымыздың мәселесін қарап жатыр. Сондай-ақ, 7 тамыз күні елімізге кіруге уақытша мүмкіндігі жоқ, екі азаматтығы бар 19 адамның 15-інің мәселесі қайта қаралып, оларға Қазақстанға кіруге рұқсат берілді", - деді министр.

Енді оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу жеңілдетіледі екен. Мәселе әлі толық шешілмегенімен, Қазақстан барлық қажетті шараларды жасауда.

Сондай-ақ, Әбдірахманов Назарбаевтың арнайы тапсырмасы жөнінде де айта кетті.

"Мемлекет басшысының СІМ адресіне бағытталған тікелей тапсырмасы бар. Президент бұл сұрақтарды жай ғана назарда ұстамай, шешімін табуды бұйырды", — деп алға тартты министр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
4
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel