Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарқ етіп сөнген: Зор табысқа жетіп, өмірмен ерте қоштасқан спортшылар кімдер?

Опубликовано:

Көптеген спортшылар салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстаса, спорттық мансаптың ең биік шыңында өмірмен қош айтысып жатады. NUR.KZ назарларыңызға аз ғана ғұмырында өзінен кейін өшпес із қалдырған спортшылар тізімін ұсынады.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Бар-жоғы 25 жасында бақилық болған спортшылардың бірі, футбодан Нигерия жастар құрамасының ойыншысы - Эндуранс Идахор. 2016 жылдың наурыз айында ол әдеттегідей "Аль-Амали" командасымен Судан Кубогын сарапқа салатын ойынға футбол алаңына шығады. Ойынның екінші таймында футболшы өзін жайсыз сезініп, ойын алаңында есінен танып қалады. Осылайша, футболшы жедел-жәрдем көлігінде жан тапсырады. Кейін спортшының жүрек талмасынан көз жұмғаны белгілі болады.

Фото: 24 СМИ
Фото: 24 СМИ: UGC

Өмірмен қош айтысқан спортшылардың арасында өкінішке орай, біздің елдің де спорт жұлдыздары бар. Солардың бірі – Денис Тен. Өткен айдың 19-шілдесінде мейрамханадан тамақтанып шыққан ол, белгісіз біреулердің көлік айнасын ұрламақ болғанының куәсі болады. Бейтаныс жігіттермен сөзге келген спортшыны алаяқтар сол жерде пышақтап кетеді. Сочи олимпиадасынының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы сол күні кешкі сағат 17:00-де есін жимастан, қайтыс болады.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Небары 20 жасында бокстан олимпиада чемпионы атанып, өзінен кейін өшпес із қалдырған қазақстандық спортшылардың бірі – Бекзат Саттарханов. Сидней олимпиадасында алтыннан алқа таққан боксшы, 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан көз жұмды.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

Шаршы алаңда жұдырықтасып, комаға түскен боксшының бірі – Джонни Оуэн. 1980 жылы жеңіл салмақта әлем чемпиондығы атағы үшін, Лупе Пентормен жекпе-жекке түскен ол шаршы алаңда нокаутқа түседі. Кейін комада жеті апта жатқан боксшы көп ұзамай көз жұмады. 24 жасында өмірден озған Джонни Оуэн аз ғана ғұмырында Еуропа, Ұлыбритания чемпионы болып үлгерген еді.

Фото: звезда.ру
Фото: звезда.ру: UGC

24 жасында өмірмен қош айтысқан келесі бір спортшы – италиялық мотошебер Марко Симончелли. Спортшы 2011 жылдың 23 қазанында әлем чемпионатының соңғы ақтық сынында тікелей эфир барысында көз жұмған. Спортшы өзі тізгіндеген мотоциклға ие бола алмай, жарысқа қатысушылардың көлігімен соқтығысқан. Жас спортшы оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Фото: drive.ru
Фото: drive.ru: UGC

33 жасында өмірден озған хоккейшілердің бірі әйгілі – Валерий Харламов. Мұз айдынының һас шебері 1981 жылдың 27 тамызында жол апатында қаза тапқан. Спортшы өзінің көлігімен немере ағасы және жұбайы Иринамен бірге Мәскеуге жолға шыққан екен. Біршама жол жүрген соң, рөлді әйеліне берген ол, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысып, сол жерде жақындарымен бірге жан тапсырады.

Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru: UGC

Сергей Симонов Ресейдің хоккей құрамасының үздік ойыншыларының бірі болған. Ойын алаңында бауыр тұсының ауырғанын айтқан спортшы, дереу ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның өтінің жарылып кеткенін әрі ішке қан кеткенін айтып, оның өмірін сақтап қала алмайды. Хоккейші бар-жоғы 23 жасында өмірден озады.

Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru: UGC

2016 жылдың 10 қаңтарында футболдан Бельгия ұлттық құрамасының футболшысы Жуниор Маланда жол апатынан қайтыс болады. Футболшы отырған көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен аударылып түседі. Болашағынан зор үміт күттіретін Жуниор 20 жасында оқиға орнында қаза табады. Тірі болғанда футболшы биылғы Ресейде өткен әлем чемпионатынына қатысатын еді.

Фото: ru.uefa.com
Фото: ru.uefa.com: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1746282-zark-etip-sngen-zor-tabyska-zetip-mirmen-erte-kostaskan-sportsylar-kimder/

pixel