RU
Президенттің сөз сөйлеуіне кедергі келтірген ер адам өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Әлемде

Президенттің сөз сөйлеуіне кедергі келтірген ер адам өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Венесуэлада 2013 жылы өткен президентті ұлықтау рәсімі кезінде Николас Мадуроның сөз сөйлеуіне кедергі келтірген Йендри Санчес өлі күйінде табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Николас. Фото: Oxu.Az

Николас. Фото: Oxu.Az

30 жастағы ер адамның басы пакетке оралған мәйіті өз үйінен табылған. Оның неден қаза болғаны айтылмауда.

Санчес 2013 жылы президенттің сөз сөйлеуіне кедергі келтіріп, трибунада шу шығарған болатын.

«Николас, мен Йендри, маған көмектесші», - деп айқайлаған ол сол сәтте президентті рұқсатсыз құшақтап алады.

Санчес бұл әрекеті үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
3
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel