RU
Жээнбеков пен Пашинян Назарбаевқа не үшін телефон соқты?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жээнбеков пен Пашинян Назарбаевқа не үшін телефон соқты?

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен және Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жээнбековпен Пашинян Назарбаевқа не үшін телефон соқты?

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: today.kz

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, мемлекет басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Айта кетерлігі, телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Ал Никол Пашинянмен болған әңгіме кезінде екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сонымен қатар, Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel