Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлу қыздардың қынабынан бөлінетін сұйықтық қосылған сыра сатылымға шықты

Опубликовано:

Польшаның Катовице қаласында Vagina beer атты сыра сатылуда. Аталмыш сыраның құрамына модель қыздардың қынабынан бөлінетін сұйықтық қосылған. Бұл туралы NUR.KZ порталы mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыра. Көрнекі фото: pixabay.com
Сыра. Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сыра жасаушылардың пікірінше, сұлу қыздардың "дәмін татқысы" келетіндер мұндай сыраны ойланбастан сатып алады.

"Арманыңыздағы қызды елестетіңіз, қалаған аруыңыздың "дәмін тату" енді әбден мүмкін. Оның иісін, оның нәзік дауысын... Мұның бәрін бір шөлмек сырадан ала алатыныңызды елестетіп көріңізші", - дейді сыра зауытының қызметкерлері.

"Сыраның дәмінен еш айырмашылық байқамадым. Десе де қызық үшін бұл сыраны сатып алушылардың қарасы көп болатынына сенімдімін. Алайда оны күнде ішіп тұратынына күмәнім бар", - дейді сырадан дәм татқан Гжегожа Маевский.

Ал компания басшысы екі модель қыздың қынабынан гинеколог маман арнайы бактерияларды бөліп алып, зауытқа жолдағанын алға тартты. Модель қыздардың денсаулығы толық тексерілгеннен кейін ғана сұйықтық сыраға қосылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1746302-slu-kyzdardy-kynabynan-blinetin-sjyktyk-kosylgan-syra-satylymga-sykty/

pixel