RU
Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді
Жаңалықтар Қоғам

Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда саяхаттап жүрген сальвадорлық студент Андреа Эрнандес пойызда күтпеген жайтқа тап болған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Пойыз жолсерігі шетелдік студентке жоғалған әмиянын қайтарып берді

Көрнекі фото:kamenec.by
Source: UGC

Бойжеткен "Астана-Қызылорда" пойызымен Астанадан Шымкент қаласына кетіп бара жатып әмиянын жоғалтып алыпты. Ол мұны Шымкент қаласына жеткен кезде бір-ақ біледі.

Сөйтіп, Назарбаев университетінің студенттерінің көмегімен ҚТЖ компаниясына арыз берген екен.

Абырой болғанда, әмиянды пойыз жолсерігі тауып алыпты. Нұсқаулыққа сәйкес, тиісті актілерді толтырып, жоғалған затты "Жолаушылар тасымалына" өткізген.

Әмиянын қайтарып алған студент қыздың қуанышында шек болмапты, өйткені енді табылмайды деп әбден күдерін үзген көрінеді.

"Біз Қазақстанға халықтың мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуға келдік. Бағдарламаға сәйкес студенттер Қазақстанның оңтүстік өңірін аралауы тиіс болатын, пойызда құжаттарым мен ақшам салынған әмиянымды қалдырып кетіппін. Пойыз жолсерігіне алғысым шексіз, әмиянымды тауып, бүкіл құжатымды қаражатыммен бірге қайтарып берді", — дейді Эрнандес.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel