RU
Үйінде ата-анасы болған: Павлодарда төрт жасар сәби терезеден құлап өлді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Үйінде ата-анасы болған: Павлодарда төрт жасар сәби терезеден құлап өлді

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында Толстой көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан 4 жасар сәби құлап, мерт болды деп хабрлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда

Фото: pavlodarnews.kz

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға орын алған кезде баланың ата-анасы үйінде болған. Болған жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде түсіндіріп берді.

"Терезеден 2014 жылы туған бала құлап түсті. Оқиға орнына жеткен № 2 жедел-құтқару станциясының мамандары баланың көз жұмғанын тіркеді. Өздеріңіз түсінгендей, осындай биіктіктен құлап аман қалу екіталай", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Кейін отбасы Павлодар қаласына Ақтоғай ауданынан көшіп келгені анықталды. Бұл пәтерді олар жалға алып тұрған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel