RU
Жамбыл облысында отпен алысып жүрген орманшы құздан құлап, мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбыл облысында отпен алысып жүрген орманшы құздан құлап, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы дала өртімен алысып жүрген 46 жастағы орманшы Асылбек Алтаев құздан құлап, мерт болды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Марқұмның артында 5 баласы қалды. Оны жерлеу рәсіміне өзі қызмет еткен мекеме басшылығы көмек береміз деп отыр.

"Тау бөктерінде өрт шыққан, Қырғызстанмен шекаралас жерде сол өртті өшіріп жартастан аяғы тайып құлап, қайтыс болып кетті. Ол өрт өшіріп жатты. Жұмыс бабында жүріп сондай жағдай болды", - дейді Ақыртөбе орманды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Жандар Мұздыбаев.
Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Айта кетейік, бір аптадан бері қазақ-қырғыз шекарадағы таулы аймақта өрт болып жатыр. Тілсіз жау сәт сайын күш алып, бой беретін емес. Соңғы 3 күнде қызыл жалын тіпті өрши түскен. Оны сөндіруге 100-ден аса адам жұмылдырылды.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Әрі таулы аймаққа көлікпен жету мүмкін болмай жатыр. Сондықтан өрт сөндірушілер мен орманшылар жаяу және жалаң қолмен жалынды ауыздықтауға күш салуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel