RU
Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл ішінде Қазақстан Қарулы Күштері мемлекет пен жеке құрамның күш-жігерінің арқасында мықты әскери әлеуеті бар ел тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналғанын атап өтті.

"Соңғы жылдары Қарулы Күштерді дамыту ісінде көптеген жұмыс атқарылды. Бірқатар маңызды стратегиялық құжаттар қабылданды, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасы және қорғаныс саласына қатысты нормативтік құқықтық актілер бар", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы геосаяси ахуалдың өзгеруі және жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жағдайында Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру және жаңғырту болып саналатынын айтты.

"Сондықтан, Қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаны, яғни, қауіпсіздік жөніндегі көмекшім – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлын тағайындауға шешім қабылдадым. Сонымен бірге, Н.Ермекбаев кадрлық офицер, әскери қызметте тәжірибесі бар, соның ішінде шиеленіс аймақтарында болған. Ол халықаралық мәселелер жөніндегі көмекші, Қытайда және Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елінде елші, министр және екі рет Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бұрын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған Нұрлан Ермекбаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші Қорғаныс министрі болып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
1
1
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel