RU
Алматы облысында коммуналдық қызмет соғыс ардагерін сотқа беріп, зейнетақысынан қаржы қиып алған
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында коммуналдық қызмет соғыс ардагерін сотқа беріп, зейнетақысынан қаржы қиып алған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында Отан соғысының ардагері Ермұхан Рысбековты коммуналдық қызмет сотқа беріп, зейнетақысынан 45 мың теңгеден астам қаржысын қиып алыпты. Соғыс ардагерінің немересі бұл жағдайды ақшаны алғанда бір-ақ білген деп хабарлайды 31 арна.

Фото: РИА Новости / Александр Кряжев

Фото: РИА Новости / Александр Кряжев

16 жылдан бері атасын қарап отырған Данагүл коммуналдық қызметкерлердің елі үшін, ұрпағы үшін, жері үшін соғысқан ардагерді сотқа бергеніне күйінеді. Ал биылғы жылуға төленуі тиіс қаржыны дер кезінде төлемегендеріне аудан әкімінің уәдесі себеп болыпты.

"Өзіміздің Ақсу ауданының әкімі Әділбек ағамыз келіп, мынау не жағдай деп көріп, екі жылытқышты әкеп беріп, болды жылытқыш қосыңыздар деді. Мен жылытқыш қосуға жағдайым келмейді деп едім, Дана жылытқышты қосыңыздар, Мен жарықтың ақшасын да, жылудың ақшасын да өзім қалтамнан төлеп беремін, мойнымызға аламыз деді. Білдей бір ауданымыздың әкімі ғой деп сендік", - дейді ҰОС ардагерінің немересі Данагүл Ермұханова.

Ал уәде берді деген Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев жылуды төлеу жайлы сөз болмағанын айтады.

"Жылуды төлеп беремін деп уәде берген жоқпын. Кеткен электр энергия жүйесін жылытқыштар тұрғаннан біз төлеп береміз деп уәде бергенбіз. Оны түгел төлеп бердік, құжаттары қолымда. Ылғи үлкен ақсақалды алдына салып, сол кісінің атын жамылып, өзі жұмыс істемейді", - дейді Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев.

Ал Ұлы Отан соғысының ардагері, 94 жастағы Ермұхан ата өзін сотқа бергендер жайлы ештеңе айтпады, бірақ ол бес жыл бұрын өзіне берілген пәтерді әлі жекешелендірмеді деп налиды.

"Соның құжатын бермей жатыр. Ол қалай екенін білмеймін. Құжатын әлі бермеді, қалай бермейді, білмеймін", - дейді ҰОС ардагері Ермұхан Рысбеков.

Әкім пәтерді жекешелендіру мәселесі екі айдың ішінде шешіледі деп сендіріп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel