RU
Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото avdet.org сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото avdet.org сайтынан алынды

8 тамыз күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы найзағай кезінде, күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 80-85%.

Сонымен қатар 8 тамызда күндізгі уақытта Ақмола облысының кей жерлерінде де найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ығысып, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

8 тамызда таңертен және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз температура 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Сондай-ақ, 8-9 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Оралда 8-9 тамыз күндері батыстан соққан жел 18 м/с-ке дейін күшейеді деп күтілуде. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel