Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Такси жүргізушісі жолаушы әйелді зорлап, кейін үйіне жеткізіп салған

Опубликовано:

Петербург қаласының полициясына жергілікті тұрғын такси жүргізуші зорлады деп арыз берген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Такси
Көрнекі фото: shock.spb.ru: UGC

Әйел адам Новоселье аулынан қалаға қайтпақ болып такси шақырады. Жүргізуші о баста өзін дөрекі ұстап, такси қызметі компаниясына үстемеақы төлегісі келмейтінін айтып, тапсырысты қайтып алуды талап еткен. Соған қарамастан, әйел бейтаныс адамның көлігіне отырады.

Жолда шопыр екі рет тоқтап, жолаушыны кастетпен қорқытып, зорлаған екен. Арам ойын іске асырған соң, ештеңе болмағандай сапарын жалғастырады.

Сол сәтте жәбірленуші ер адамға көрсетпей полицияға телефон соғыпты. Оны байқаған таксист ашуланып, әйелді түсіріп кетеді. Бірақ көп ұзамай қайта оралып, жолаушыны үйіне дейін жеткізіп салуды ұсынған.

Бір қызығы, әйел адам бұл ұсынысты құп көріп, зорлықшымен бірге үйіне жетіп алыпты.

Шағым бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1746336-taksi-zrgizusisi-zolausy-jeldi-zorlap-kejin-jine-zetkizip-salgan/

pixel