RU
"Астана" өз алаңында хорватиялық командадан жеңіліп қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Астана" өз алаңында хорватиялық командадан жеңіліп қалды

Рассказать Вконтакте

УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің 3-ші раунды аясында «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасын қабылдап, жеңіліп қалды деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Астана" өз алаңында хорватиялық командадан жеңіліп қалды

"Астана" өз алаңында хорватиялық командадан жеңіліп қалды

39-шы минутта «Астананың» қорғаныс шебінің сол қапталындағы қателіктен кейін загребтіктер есеп ашты.

Осылайша, тоғызыншы нөмірдегі Марио Будимир матчта соғылған алғашқы гол авторы атанды.

Кабананганың орнына шыққан Рангело Янга 79-шы минутта қақпашы алаңының ішіндегі қарбаластан кейін соққан голын шотландиялық төреші Джон Битон оффсайд деп есептемей тастады.

Араға бес минут салып, загребтік Ольмо екінші голды соқты.

Осылайша, ойын «Динамо Загребтің» 0:2 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды.

Енді қарымта ойыны 15 тамыз күні Хорватия астанасы Загреб қаласында болады.

Еске сала кетейік, егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдаманы жеңіп алса, Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel