RU
Семейде қомақты ақшамен жұмысқа «тұрғызатын» азамат ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде қомақты ақшамен жұмысқа «тұрғызатын» азамат ұсталды

Рассказать Вконтакте

Семейде полицейлер тұрғындарды «жұмысқа тұрғызамын» деп алдаған алаяқ азаматты ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Семейде қол

Күдікті қала тұрғынын ірі акционерлік қоғамның біріне жұмысқа тұрғызып беремін деп уәде еткен. Бұл қызметіне ол 600 мың теңге көлемінде сыйақы алыпты.

Оның сөзіне сенген жәбірленуші тиісті соманы қолына бірден ұстатқан.

Алайда арада 4 ай өтсе де, уәде берген азаматтан еш хабар болмаған соң қала тұрғыны құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген.

Жедел іздестіру шаралары кезінде 35 жастағы бұрын сотты болған, жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды.

"Арыздың кеш түскеніне қарамастан, криминалды полиция бөлімі күдіктіні ұстады. Тергеу кезінде кінәсін толық мойындады. Ол қазір қамауға алынды", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel