Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалаулымның" тағы бір қатысушысы шаңырақ көтерді

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" жобасының қатысушысы Мәди Рахымбай шаңырақ көтерді. Бағдарламада таба алмаған сүйіктісін ол ақыр-соңы кезіктірген деп жазады NUR.KZ.

Жоба аясында талай қыздың бетін қайтарып қатты сынға қалған Мәди махаббатын Астана қаласынан тапқан. Ол арман еткен аруымен көп кездеспей-ақ оған үйленгісі келетінін айтқан.

Нәтижесінде санаулы айлардан соң қос ғашық шаңырақ құрып отыр.

Айта кетейік, осымен атышулы "Қалаулым" жобасының екінші қатысушысы үйленіп жатыр. Бұған дейін, Жанерке Елшін бағдарлама аясында жолықтырған сүйіктісіне үйленгелі жатқанын растаған болатын. Ол жұптың тойы алдағы уақытқа жоспарланып қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746351-kalaulymny-tagy-bir-katysusysy-sayrak-kterdi/

pixel