RU
Ресми жиын барысында әндеткен отандық жұлдыздар қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ресми жиын барысында әндеткен отандық жұлдыздар қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Кешеден бері әлеуметтік желілерді шулатып жатқан отандық жұлдыздарымыздың қайда барғаны белгілі болды. Ұшақ бортын басын көтерген әртістер елордаға келіп, ресми жиын барысында да ерекшелене кетпек болып әндеткен деп жазады NUR.KZ.

Ерке Есмахан, Луина, Жәния Джуринская, Нұрлан Еспанов, Мейрамбек Беспаев, Марат Оралғазин, Нұрлан Қоянбаев, Гүлнәз Жоланова сынды отандық шоу-бизнес қаймақтары елордада бас қосты.

Олар ұлттық футбол федерациясының ресми жиынына келіп ән салып, тағы да желіні шулатты. Көпшілік жұлдыздардың көңілді отырысы барысында әндеткеніне тәнті болып, өз ризашылығын білдіріп жатты.

Ал кейбір оқырмандар болса әртістерді сынға алды.

"Ұшақтан түсе сала барған ғой", - деп жазды желі қолданушылар.

Жұлдыздардың футбол тамашалауға барғаны сәтсіз аяқталды. "Астана" клубы 0:2 есебімен хорватиялық командадан ұтылыс тапты.

Айта кетейік, күні кеше ұшақ бортын басына көшірген жұлдыздар желіде сынға ұшыраған болатын. Көпшілік олардың ішімдікке масайып қалғанын болжады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel