RU
Путиннің жақын досы мен Ермекбаев жақсы "араласатын" болып шықты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Путиннің жақын досы мен Ермекбаев жақсы "араласатын" болып шықты

Рассказать Вконтакте

Танымал блогер Самат Нұртаза өзінің Facebook парақшасында Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Путиннің жақын досы, мемлекеттік қайраткер, "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің арасындағы достық туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Игорь Сечин, Владимир Путин және Нұрлан Ермекбаев. Фото: ТАСС/primeminister.kz

Игорь Сечин, Владимир Путин және Нұрлан Ермекбаев. Фото: ТАСС/primeminister.kz

Игорь Сечин 1984 жылы Кеңес Одағы Қарулы күштерінің жедел қызметінде болған. Бір жылдан соң ол Анголада жасы 20-дан енді асқан Нұрлан Ермекбаевпен танысады.

"1985 жылы жас барлаушы Игорь Сечин әскери аудармашыларды басқару үшін кеңестік Түркіменстаннан Анголаға жіберіледі. Онда азаматтық соғыс болып жатқан. Игорьдің португал және француз тілдерін білуі қажетіне жараған. Білетін адамдар 1985 жылы оның қол астындағы әскерилердің қатарында Нұрлан Ермекбаев болғанын да айтады. Оның португал тілінде жақсы сөйлеуі командир Сечинге қатты ұнап қалған екен. Содан бері қатардағы Ермекбаев пен сержант Сечин жақсы қарым-қатынаста. Отбасыларымен араласып тұрады", - дейді блогер.

Нұртазаның жазуы бойынша, 1989 жылы Сечин Ленинград мемлекеттік университетінде португал және француз тілдерінен сабақ берген.

Ал ол оқу орнында проректордың оқу бөлімі бойынша орынбасары Владимир Путин болған екен. Әріптестер сол кезден бастап сыйласып кетіпті.

"Қазір Игорь Сечин "РосНефть" басшысы. Сондай-ақ, ол Ресейдегі беделді және бай саясаткердің бірі. Ал Нұрлан Байұзақұлы Қазақстанның Қорғаныс министрі болды. Мұнай және қару, бұдан артық не бар...", - деді Самат Нұртаза.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаева күні кеше Нұрлан Ермекбаевты Қорғаныс министрі етіп тағайындаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel