Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған болады": Шымкентте ереже бұзған полицейдің видеосы желіге тарап кетті (видео)

Опубликовано:

Шымкентте жолаушы фарасын өшіріп, қауіпсіздік белдігін тақпай отырған полицейді видеоға түсіріп алған. Ол бейнежазба әлеуметтік желіге жарияланды деп хабарлайды Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот: UGC

Жолаушының айтуынша, ол видеоны айыппұл тұрағына бара жатқанда түсірген. Қауіпсіздік белгісі туралы айтылған ескертуге тәртіп сақшысы "Маған болады" деп жауап беріпті.

Аталған видеоға қатысты Шымкент полициясы бірден жауап берді.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейрхан видео астына "Тиісті шараларды қолданамыз, күтіңіздер!" деген пікір қалдырды.

Кейінірек ол жол ережесін бұзған полицей айыппұл төлегенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746369-magan-bolady-symkentte-ereze-bzgan-policejdi-videosy-zelige-tarap-ketti-video/

pixel