RU
Екі ай бұрын үйленген танымал қазақ әншісі сәбилі болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Екі ай бұрын үйленген танымал қазақ әншісі сәбилі болды

Рассказать Вконтакте

Жуырда ғана шаңырақ көтеріп, өзінен 20 жас кіші қызға үйленген Сержанәлі Әлібек алғаш рет әке атанды. Бұл туралы оның әріптесі әрі досы Мақсат Базарбай желідегі парақшасында жазып, елден сүйінші сұрады деп жазады NUR.KZ.

Алғаш рет әке атану бақытының не екенін сезінген әншінің өзі де арнайы жазба қалдырып, Аллаға шүкіршілік етті.

"Анаңа, Анаңа, Анаңа сосын Әкеңе жақсылық жаса деген хадистің бүгін куәсі болдым. Адамнан адам шығудың оңай емес екенін, қандай қиын екенін көзім көрді. Аналарымызды қадірлейікші достар.

Алла берген Жан жарыма рахмет, бүгін біз үшін сөзбен жеткізе алмайтындай қуанышты күн. Аллаға сансыз шүкір мадақтар Алла біздің отбасымызға торсықтай ұл сыйлады.

Сүйінші ағайындар сүйінші! Өз-өзіме сенбей отырмын Әке болғаныма", - деп жазды ол.

Оның қуанышына ортақтасқан барша оқырмандар ақ тілегін жаудырып, сәбиге денсаулық тіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel