RU
Асхат Тарғын той үстінде асабамен не үшін төбелесіп қалды?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Тарғын той үстінде асабамен не үшін төбелесіп қалды?

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Асхат Тарғын тойда төбелес шығарып, асаба жігітті соққының астына алғаннан кейін жұрттың қызу талқысына түскен еді. Осы орайда әнші NUR.KZ порталының жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында төбелес туралы ағынан жарылды.

Әнші сонымен қатар "Мария магдалена" әні өзіне қанша табыс әкелгенін және бірінші әйелінен ажырасқаны үшін жерден алып, жерге салғандарға қалай төтеп бергенін сөз еткен еді.

Асхат Тарғын асабамен төбелескен сәтінен видеоға қатысты пікір білдірді.

Видео: Рауан Абылғазин

"Соны айтпай-ақ қойсақ, болмай ма? Бұл видеоны мен түсірген жоқпын. Сол кезде болып қалған жағдай. Бұны әрі қарай қозғамай-ақ қояйық. Бірақ қазір жас емеспіз, сондықтан да көп адаммен жанжалға келмеуге тырысамын", - дейді әнші.

Мұхит Сапарбаевтың "бұл шынымен орын алған жағдай ма, қолдан жасалған "хайп" дүние емес пе?" деген сұрағына әнші "жоқ" деп қысқа қайырды.

Асхаттың өнер жолындағы және жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін ақпаратты "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

"Ойбай Life" бағдарламасының жұлдыздармен болған сұхбаттары мен эксклюзив жаңалықтарын Мұхит Сапарбаевтың Instagram парақшасынан, "Ойбай Life-тың" желідегі парақшасынан біле аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel