Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әншілер жұмыссыз": Асхат Тарғын кімнің арқасында күн көріп жүр?

Опубликовано:

Танымал әнші Асхат Тарғын NUR.KZ порталының жаңа жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында тойдағы табысы туралы айтып берді.

Асхат Тарғын. Фото: vipsound.kz
Асхат Тарғын. Фото: vipsound.kz: UGC

Әнші "Мария Магдалена" әнінің жалғасы қашан болады?" деген сұраққа жауап берді

"Оны бір құдай біледі, ешкім білмейді. Жұмыс істеп жатырмыз. Болса, тіпті жақсы, болмаса да, шүкір", - дейді ол.

Асхат той-бизнесте "Мария Магдалена" әні осы уақытқа дейін қанша табыс әкелгенін сөз етті.

"Оны есептемеппін, шынымды айтайын. Бірінші Алланың, екінші халықтың арқасында күн көріп жатырмыз. Оны мен кез-келген жерде айтып жүрмін. Тойға шықпаймын деген әнші жоқ, бәрі де шығады.

Өйткені әншілердің көбі жұмыссыз. Жұмыста болса да, оның айлығы 60-70 мыңнан аспайды...

Той болмай жатса, мүмкін басқа бизнеске кетіп қалармыз? Бірақ, негізі қазақ қандай жайғдай болса да той істеген. Соғыс болып жатқанда да той жасаған", - дейді ол.

Әнші тегін тойға көп баратын болып шықты.

"Көп жерде өтініш жасайды... Өмірде араласып жүрген достарым бар... Амал жоқ, араласқаннан кейін, сыйласқаннан кейін барасың. Қуанышын бөлісесің", - дейді Асхат.

Асхат Тарғын той болмай қалып, табысынан қағылса, не істейтінін айтып берді.

"Кейде бір сенбі бос болып қалсаң, ойлап қаласың, "бәрі тойда жүр, мені тойға шақырмады-ау" деп біртүрлі болып қаласың. Бірақ бұл саған беріліп отырған сынақ. Оған сынбау керек... Кейде мен сенбі тойға шықпаймын. Бірақ сол сенбі тойға шығатын қаражатымды сәрсенбі күні бір той келеді де, сонымен сенбідегі ақшамды сол сәрсенбі күні тауып аламын", - дейді ол.

Асхаттың өнер жолындағы және жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін ақпаратты "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

"Ойбай Life" бағдарламасының жұлдыздармен болған сұхбаттары мен эксклюзив жаңалықтарын Мұхит Сапарбаевтың Instagram парақшасынан, "Ойбай Life-тың" желідегі парақшасынан білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746382-nsiler-zmyssyz-ashat-targyn-kimni-arkasynda-kn-krip-zr/

pixel