RU
Асхат Тарғын әйелінен ажырасқаны үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Тарғын әйелінен ажырасқаны үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Әнші Асхат Тарғын бірінші әйелімен ажырасып кеткені үшін ащы сын айтқандарға NUR.KZ порталының жаңа жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында жауап берді. Әнші сонымен қатар "Мария магдалена" әні өзіне қанша табыс әкелгенін сөз еткен болатын.

Айта кетсек, әнші өзінен 12 жас кіші бойжеткенмен екінші рет отбасын құрған болатын. Ол өзінің бір бағдарламада берген сұхбатында бірінші жарымен ажырасып кетуінің себебін оның қызғаншақ болғанымен байланыстырған еді.

Асхат 23 жастағы Әлия есімді бойжеткенмен екінші рет шаңырақ көтерді. Ол тойда ән салып жүріп сүйіктісін сол жерде жолықтырғанын айтуда.

Осы орайда желі қолданушылары әншіні бірінші әйелімен ажырасқаны үшін жерден алып, жерге салған. Әнші мұндай сынды қалай көтергенін айтып берді.

"Бұрын желідегі пікірлерге ашуланатынмын. Сәл жүйкем тозып, жауап қайтаратынмын. Ал кейінгі кезде басымды ауыртпайтын болдым. Себебі адамдар ар жағында отырып алып, айта береді... Бұл әңгімеге мен бүгінде аса мән бермеймін... Оның бәріне шыдау керек. Бұл өмір. Ашуланып, жүйкеңді тоздыра берсең, өмір өтіп жатыр, оған қарайтын, ойланатын уақыт жоқ", - дейді әнші.

Асхаттың өнер жолындағы және жеке өміріндегі көпшілік біле бермейтін ақпаратты "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

"Ойбай Life" бағдарламасының жұлдыздармен болған сұхбаттары мен эксклюзив жаңалықтарын Мұхит Сапарбаевтың Instagram парақшасынан, "Ойбай Life-тың" желідегі парақшасынан біле аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel