Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен демалыста жүрген Мадина Сәдуақасова тағы да ел талқысына түсті

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жазғы демалысы кезінен сурет жүктеп, өз оқырмандарымен бөлісті. Жұлдыздың жаңа фотосы желі қолданушылары арасында тағы да талқыға түсті. Бұл жолы ол бетіне бес тонна бояу емес, балшық жағып алған деп жазады NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасованың соңғы жазбасы желі оқырмандарын "шошытып" қойды. Үсті-басына балшық жағып алған отандық әншіні өз жанкүйерлері танымай қалған.

Алакөлде отбасымен демалып жатқан ол күйеуімен түскен суретін желіге жүктеді.

"Бес тонна макияж емес ,бес тонна балшық жағып алып Инстаграмға сурет салып қойыпты Мадина Садуақасова. Бұл жолы салыпты күйеуін, артқа қарап тұрған, оған да балшық жағып қойған арқасына.. Жақсы көрем барлықтарыңызды. Алакөлге бұл жолы демалысқа келдік", - деген күлкілі жазба қалдырған әнші фотоның астына.

Желі қолданушылары отандық әншінің бояусыз табиғи түріне тәнті болып, күйеуімен суретті жиі салып тұруын өтінген.

"Бояусыз да әдемісіз. Әлі жап-жассыз"
"Жұптарыңыз жазылмасын. Жолдасыңызбен анда-санда осылай фото салып тұрсаңызшы"
"Макияждан гөрі осы балшық дұрыс. Табиғи сұлулыққа не жетсін", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746397-kjeuimen-demalysta-zrgen-madina-sduakasova-tagy-da-el-talkysyna-tsti/

pixel