RU
Бақыт Сыздықова өзін "пиар жасап жүр" деп айыптаған Қасымовқа жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Бақыт Сыздықова өзін "пиар жасап жүр" деп айыптаған Қасымовқа жауап берді

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы мәжіліс депутаты әрі қоғам белсендісі Бақыт Сыздықова ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовтың сұхбатына қатысты пікір білдірді. Оған министрдің өзі туралы айтқан мәлімдемесі жақпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Бақыт Сыздықова

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Еске салсақ, Денис Теннің өлімі барша қазақстандықтарды дүр сілкіндіріп, қоғамдастық еліміздің құқық қорғау жүйесін түбегейлі өзгертіп, реформа жасауды талап ете бастады.

Дәл осы кезде мәжілістің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова өзінің желідегі парақшасына жазба қалдырып, онда Қасымовқа хабарласып, елдің талабын жеткізгенін мәлімдеген болатын.

Айтуынша, олар ұзақ уақыт сөйлесіп, аталған мәселелерді талқыға салған.

Алайда "Время" газетіне берген сұхбатында Қасымов қоғам белсендісінің бұл әрекетін пиарға балады.

Ол Сыздықовамен телефон арқылы не туралы сөйлескенін ашық айтып, өз шындығын жеткізген.

Министрдің сөзінше, сол күні оған әлдебір қоғам белсендісі хабарласып, баспасөз жиынын өткізуді ұсыныпты. Алайда Қасымов оның бұл ұсынысын қабылдамайтынын айтып, телефон тұтқасын қоя салғанын жеткізді.

Қасымовтың журналистерге берген бұл сұхбатына Бақыт Сыздықова жауап беріп, өзінің Facebook желісіндегі парақшасына кезекті жазбасын жария етті.

Қасымовтың айтқан сөзін жоққа шығарған Сыздықова қолында екеуінің әңгімесінің жазбасы да сақталғанын айтты.

«Мен баспасөз хатшысы емеспін, оны ұйымдастыру туралы ұсыныс менің міндетім емес. Мен министр мырзаға қоғамдастықпен кездесуді ұсындым", - дейді ол.

Сонымен бірге, ол өзін пиар жасап жүр деген министрдің сөзін де жауапсыз қалдырмады

«Сыздықованың жасаған пиары туралы оқу адамгершілік тұрғысынан жаман тиеді екен. Ол қандай әңгіме туралы айтып отыр? Интернет бар, менің онда жазған мәтінім де бар. Оны бәрі көре алады. Үкіметте еңбек еткен адам ретінде мен мемлекеттік шенеунік елге мәлімдеме жасамас бұрын әрбір деректі бірнеше рет тексеріп алу керек екенін жақсы білемін", - деп сөзін қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel