RU
Туған күнінде із-түзсіз жоғалған қыз Шымкенттен бір-ақ шықты
Жаңалықтар Қоғам

Туған күнінде із-түзсіз жоғалған қыз Шымкенттен бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

16 жасқа толуы қарсаңында із-түзсіз жоғалып кеткен қызды тәртіп сақшылары Шымкент қаласынан тапты. Анықталғандай, бойжеткен автобусқа билетті өзі сатып алып, оңтүстікке қарай бет алған деп жазады NUR.KZ.

Фото: ok.ru

Фото: ok.ru

Диананың аман-есен күйде табылғаны жөнінде Ақмола облыстық ІІД хабарлаған болатын. Олар үшінші тамыздан бастап жоғалып кеткен қызды іздестірді.

Бойжеткенді өзінің автобустық картасы арқылы тауып алды. Ол Шымкентке бару үшін сатып алынған билетке ақша төлеу үшін картасын қолданған. Оның ішінде адамның қайда екенін анықтайтын арнайы чип болған.

Диана Қосшы ауылынан "Нұрлы жол" вокзалына барып, Шымкентке дейінгі билетті өзі сатып алыпты.

Полицейлер 16 жастағы қызды Шымкенттегі туыстарының үйінен тауып алған. Бойжеткеннің өзінің туған күнін не себепті онда өткізгісі келгені белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel