RU
Данияр Кесікбаевтың малайзиялық қайын атасының басы тағы дауға қалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Данияр Кесікбаевтың малайзиялық қайын атасының басы тағы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Данияр Кесікбаевтың қайын атасы, Малайзияның экс премьер-министрі Наджиб Разак енді ақша жымқырып, заңсыз жолмен түскен қаржының ізін жасырды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Риа Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Наджиб Разак. Фото: twitter.com/business

Наджиб Разак. Фото: twitter.com/business

БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, іс 1MDB ұлттық қорынан шығарылып, Наджиб Разактың есепшотына түскен ақшаларға байланысты қарастырылатын болады.

Енді материалдарды бұрынғы тағылған айыптармен қоса Малайзияның Жоғарғы соты қарайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы премьер-министр 4 шілде күні өз лауазымдық құзіретін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінген еді. Бұған оның шотына 1MDB қорынан түскен қаржы әсер еткен болатын.

Алғашында ол қамауға алынғанымен, кейінірек кепілмен босап шықты.

Сондай-ақ, полиция Данияр Кесікбаетың қайын атасынан ақша мен қымбат әшекейге толы 5 жүк көлігін тәркілеген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel