RU
Ақтөбеде екі қызы да мүгедек көпбалалы ана балық аулап күн көріп жүр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде екі қызы да мүгедек көпбалалы ана балық аулап күн көріп жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік Вера Козлованың бес баласы бар. Олардың екеуі мүгедек. Емдік шаралар қабылдап жатқан қыздарын көру үшін ол ауруханаға жаяу барып келеді. Ал үйдегі бала-шағасын балық аулап асырап отыр. Бұл туралы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: aktobetimes.kz

Фото: aktobetimes.kz

Жаңақоныста орналасқан ауруханаға бару үшін келіншек үш сағат уақыт жұмсайды. Өйткені, әйелдің барып қайтатын жолақыға да ақшасы жоқ.

42 жастағы көпбалалы ана таңнан кешке дейін балық аулайтынын айтады. Ал одан басқа үйде пиязбен қуырылған макарон және нан ған бар екен. Ал сүт пен ет өнімдерін отбасы мүшелері анда-санда ғана жейтін көрінеді.

Қазір үйде екі жасар Илья мен бір жасар Ника бар. Сондай-ақ, анасына қолғабыс етіп жүрген 14 жастағы Ирина да үйде. Сондай-ақ, келіншектің 13 жастағы Оля және 11 жастағы Света есімді қыздары бар.

Вераның айтуынша, жанұяның жағдайы бұрын жақсырақ болған. Келіншек кезінде күндізгі және түнгі ауысымда жұмыс істепті. Ал қазір баламен отыратын ешкім болмаған соң ол жұмыс істей алмайтын көрінеді.

Көпбалалы ана тек мемлекет жәрдемақысына қарап отыр. Оның өзі тұрып жатқан үйге төленіп кетеді екен. Ол қалған қаржы, тіпті, тамаққа да жетпейтін айтады. Енді ананың басты уайымы балаларын мектепке апару болып отыр.

Бұл жанұяға киіммен, азық-түлікпен немесе ақшалай көмектесетін жандар болса, Вераның 8 705 823 74 67 телефон нөміріне хабарласуларына болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel