RU
Қасымов Денис Теннің ісіне қатысты бірқатар шындықтың бетін ашты
Жаңалықтар Қоғам

Қасымов Денис Теннің ісіне қатысты бірқатар шындықтың бетін ашты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің ісіне қатысты бірқатар шындықтың бетін ашты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов. Фото: Алматы ІІД баспасөз қызметі. Қалмұханбет Қасымов. Фото: primeminister.kz

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов. Фото: Алматы ІІД баспасөз қызметі. Қалмұханбет Қасымов. Фото: primeminister.kz

ІІД басшысының айтуынша, қылмыс бола салысымен қылмыскерді ұстауға бағытталған ауқымды іс-шара жүргізіліп, жүздеген адам сұраққа алынған. Күндіз-түні тынбай еңбектенген тәртіп сақшылары таңғы уақытта күдіктіні құрықтайды.

"Таңертең бәрі түсінікті болды. Алғашқы күдікті анықталып, құрықталды, сонымен қатар екінші күдіктінің қай жерде жүргені белгілі болды", - дейді Қасымов.

Министр бұған дейін істі болған күдікті Арман Құдайбергеновті "полицейлер Алматыға оларға ақша жинап келуі үшін жібере салды" деген айыптауларға жауап берді.

Қасымовтың айтуынша, бұл шындық болса, күдікті сұраққа алу кезінде бәрін жайып салатын еді. Себебі, қылмысқа жалғыз жауап берген ешкімге ыңғайлы емес.

Алайда Құдайбергенов бұл туралы мүлде айтпаған.

Министр Арманның тәжірибелі қылмыскер екенін, ал Нұралы Қиясов туралы олай айта алмайтынын алға тартты.

Еске салсақ, 19 шілде күні Денис Тенді көлік ұрылары пышақтап кеткен болатын.

"Время" басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға болмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
1
2
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel