RU
Түркістан облысында аудан әкімі 200 мың теңге парамен ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында аудан әкімі 200 мың теңге парамен ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Youtube-тегі ресми каналында Ордабасы ауданы әкімінің парамен ұсталған сәтінің видеосы пайда. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: lexcorpus.ru

Көрнекі фото: lexcorpus.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аудан әкімі Рашид Қайыпжановтың ұсталғаны хабарланған еді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар шенеунікке әкімдік аумағын абаттандыру жұмысы үшін мердігер ұйымның шотына еш кедергісіз ақшалай қаражат аударғаны үшін ұйым басшысынан 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат таратты.

"Аудан әкімі өзінің кінәсін толықтай мойындап, өкінетіндігін айтты. Сонымен қатар қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жедел түрде өтуін ұсынды. Күдіктінің қоғамға қаупі жоқ болғандықтан ол қамауға алынбады", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Ресми өкілдің айтуынша, бұл істі тергеу жұмыстары он күннің ішінде аяқталған. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.

Айта кетейік, Рашид Қайыпжанов Ордабасы ауданының әкімі лауазымына өткен жылы тағайындалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel