RU
Қазақстанда шетелдік телеарналардың көрсетілуіне тыйым салынбақ
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда шетелдік телеарналардың көрсетілуіне тыйым салынбақ

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі елімізде көрсетуге тыйым салынған 88 телеарнаның тізімін жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: heretifm.com

Фото: heretifm.com

"Телерадио хабар тарату" заңындағы өзгерістерге сәйкес, шетелдік арналарға Қазақстанда заңды тұлға немесе өкілдік ретінде тіркелу міндеті жүктелген болатын. Алайда БАҚ өкілдерінің кейбірі бұл талапты орындамаған.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 307 шетелдік радио мен телеарна есепте тұр. Олардың 219-ы өз филиалдарын тіркеп үлгерсе, 88-і бұл ережені сақтамаған.

Бұл ақпарат шетелдік БАҚ өкілдеріне үстіміздегі жылдың қаңтар айында айтылған екен.

Енді көрсетуге тыйым салынған арналар жаңа өкілдік ашып, қайта тіркелуге міндетті.

Бұл тізімде НТВ-ПЛЮС 3D, Спас, MUSICBOX, RU.TV, Дождь, Fashion, Russia Today, Юмор Box, Боец, Sky News, Fox News Channel, THT-Comedy арналары бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel