RU
Жемқорлыққа қарсы агенттік жершілдікпен күресу үшін басшыларды жаппай алмастырып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Жемқорлыққа қарсы агенттік жершілдікпен күресу үшін басшыларды жаппай алмастырып жатыр

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ұлттық бюроның аумақтық басшыларын өзара алмастырды деп xабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: atameken.kz

Фото: atameken.kz

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, адам бір лауазымда ұзақ уақыт жұмыс атқарса, еңбек өнімділігі төмендейді, қызметкердің ой-өрісі бір учаскенің шеңберімен шектеліп қалады.Онндай қызметкер өз жұмысын жаңа әдістермен толықтыра алмайды екен.

Ал ең бастысы, ротацияның арқасында жершілдікке жол берілмейді. Осыған байланысты агенттік төрағасы 8 аумақтық департаменттің басшысын ротациялау туралы шешім қабылдаған.

Олардың қатарында Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департамент басшылары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel