RU
Қырғызстан тумасы қалталы қазақстандық күйеуінен қалай қорлық көргенін жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Қырғызстан тумасы қалталы қазақстандық күйеуінен қалай қорлық көргенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

27 жастағы Алтынгүл Құдайбергенова қазақстандық азаматпен тұрмыс құрып, кейін қалай қорлық көріп келгенін баяндап берді. Келіншектің айтуынша, ауқатты жолдасы оның бойынан "шайтанды" шығарамын деп, күн сайын ұрып-соғып келген. Бұл туралы kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: kaktus.media

Фото: kaktus.media

Бойжеткен осыдан тура 8 жыл бұрын оралдық Абай Камалов деген ер-азаматпен танысқан. Алғашында өзін қарапайым отбасынан шыққан деп таныстарған Абайдың кейін "Камал Ойл" компаниясының иесі екені анықталады. Ерлі-зайыптыларды бір кездері құрбысының анасы таныстарған екен.

"Бізді құрбымның анасы 2011 жылы таныстырған еді. Бастапқыда Абай маған бес уақыт намаз оқитын жақсы жігіт болып көрінді. Ол бірден маған үйленуге ұсыныс айтты. Мен оны қабылдадым. Сөйтіп туыстарымен Бішкекке келіп, некемізді қидырдық. Сосын ол мені туған қаласы Оралға алып кетті. Сол кезде мен оның ата-анасымен таныстым. Ол кісілер менің ұлтым қырғыз болған соң, мені келін ретінде қабылдай алмады. Сөйтіп, ата-анасымен сөзге келген сайын, ол мені төмпештеп ұруды шығарды. Неге қол көтересің деген сұрағыма, ішіңе жын кіріп кеткен, соны шығару керек деп айтатын. Мен ислам бойынша солай болуы тиіс шығар, күйеуіме қарсы келмеуім керек деп, бәріне көнумен болдым", - дейді келіншек.

Бүгінде ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар екен. Басылымның мәліметінше, себепсіз соққының астында қалған кезекті бір оқиғадан кейін Алтынгүл ауруханадан бір-ақ шыққан.

"Сол оқиғадан кейін мені ағам Қырғызстанға алып кетті. Кейін білуімше, Абай бұрын да отбасын құрған екен. Бірінші әйеліне де дәл осылай ұрып, күн көрсетпегендіктен, әйелі одан әрең дегенде қашып құтылыпты. Жаңа жылдан кейін ол Бішкекке тағы бірнеше рет келді. Бірақ анам оны кешіре алмай, үйден қуып шықты. Соңғы келгенінде дін жолындағы адамды әкеліп, енді саусағымның ұшын да тигізбеймін деп қолхат жазып, Қазақстанға алып кеткен еді. Бірақ ол жаққа барған соң, бұрынғы әңгіме тағы басталды. Мені бөлмеге қамап, телефонымды тартып алды. Сөйтіп тағы аурухана түстім. Сол жақтан анама хабарласып, еліме қайта оралдым", - дейді көп балалы ана.

Алтынгүлдің айтуынша, төрт бірдей баласын ол Қырғызстанға әкете алмапты. Себебі, жеткіншектер Қазақстан азаматтығын алған. Қорлық көрген келіншектің ендігі мақсаты балаларын қалай да өз еліне қайтарып алу болып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
12
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel