RU
Ақтөбелік қыздың хаты II Елизавета патшайымды тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік қыздың хаты II Елизавета патшайымды тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік оқырман NUR.KZ порталының WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Ұлыбритания патшайымынан келген хаттың суретін жолдаған.

Королева Елизавета және Зарина Ахметжан. Фото thejournal.ie, коллаж NUR.KZ

Королева Елизавета және Зарина Ахметжан. Фото thejournal.ie, коллаж NUR.KZ

Ақтөбе қаласының тұрғыны Зарина Ахметжан Елизавета патшайыммен кездескісі келгенін айтып, хат жазыпты.

"Мен кішкентайымнан ханзадалар мен ханшайымдар туралы көп оқығанмын. Үлкейе келе, ағылшынша оқып, қазіргі күнге дейін патша мен патшайымның бар екенін білдім. Мен сізбен кездесуді қатты қалаймын. Сол үшін сізден бір хабар болар деген үмітпен хат жазып отырмын.
Мен сізді қатты құрметтеймін және сізбен күндердің күнінде кездесетініме сенемін.
Сіздің Зарина Ахметжаныңыз", - деген қыз өз хатында.
II Элизавета патшайымнан келген жауап хат. Фото: Оқырманнан

II Элизавета патшайымнан келген жауап хат. Фото: Оқырманнан

Бойжеткен жазған хатына жауапты Букингем сарайынан алыпты.

"Құрметті, Зарина!
Патшайым менен сіздің Ұлыбритания мен Британ монархиясына деген өз сезімдеріңізді жазған хатыңызға жауап беріп, алғыс айтуымды өтінді.
Елизавета патшайым сіздің сөздеріңізге өте риза. Алайда ол кездескісі келетін адамдардың барлығымен жолыға алмайды. Патшайым сізді біздің елге келеді деп үмітеннеді.
Мен сізге патшайымның Графпен түскен суретін жібердім. Алтын уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет.
Құрметпен, фрейлина Лэри Лоррисон", - делінген хатта.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
3
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel