RU
Ақтауда Каспий маңы елдерінің 5-ші саммиті өтпек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақтауда Каспий маңы елдерінің 5-ші саммиті өтпек

Рассказать Вконтакте

12 тамыз күні Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен жиынға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түрікменстан Республикасының президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатысады.

Ақтауда Каспий маңы елдерінің 5-ші саммиті өтпек

Ақтауда Каспий маңы елдерінің 5-ші саммиті өтпек

Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, Каспийде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, самиттің негізгі қорытынды құжаты – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция болмақ.

Конвенцияны әзірлеу жұмысы 20 жыл жүргізілді. Құжатта тараптардың Каспий теңізіндегі қызметінің негізгі қағидаттары, теңіз акваториясын, ұлттық су түбі секторларын бөлу мәселелері, биологиялық ресурстарды, су түбі мен жер қойнауларын игерумен байланысты әскери ынтымақтастық және шаруашылық-экономикалық қызметті жүргізу, кеме жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, теңізге қатысты ғылыми зерттеулер нақтыланған.

Бұған дейін Каспий маңы елдерінің басшылары төрт рет кездескен. Атап айтар болсақ, Каспий маңы елдерінің алғашқы саммиті 2002 жылы Ашхабад қаласында өтті.

2007 жылы Тегеран қаласында өткен Екінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы және Түрікменстан Декларациясына қол қойылды. Онда Каспийдің құқықтық мәртебесінің негізгі мәселелері, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылық, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің ұстанымдарымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттердің қолданыстағы келісім-шарттарын саяси деңгейде бекітті.

2010 жылы Баку қаласында өткен Үшінші Каспий саммиті аясында Президенттердің Бірлескен мәлімдемесі мен Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Бірлескен мәлімдемеде «Каспий бестігі» көшбасшылары тағы да екінші саммит Декларациясында көрініс тапқан ұстанымдарына беріктігін растап, Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы Конвенцияға қатысты жұмысты аяқтау қажеттігін атап өтті. Шекті келісім бола отырып, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізгі салалар мен ынтымақтастық түрлерін нақтылай түсіп, Каспийде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңға қайшы іс-әрекеттермен күресуде жағалау мемлекеттерінің өзара іс-қимылы үшін құқықтық негізге айналды. Бакудегі кездесу аясында Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдастардың түрлерін аулауға мораторий енгізу тетігін әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілп, бұл тиісті хаттамаларда нақтыланды.

2014 жылы Астрахандағы Төртінші Каспий саммиті барысында Президенттер бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Құжатта жағалаудағы мемлекеттер теңіздегі іс-әрекетін сәйкесінше жүргізуі тиіс көптеген қағидаттар тізімі нақтыланған. Бұл қағидаттар Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасына инкорпорацияланды. Атап айтқанда, мәлімдемеде жағалаудағы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынас негіздеріне, Каспий теңізін бейбіт мақсатта пайдалануға, Каспий аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, теңіздегі әскери құрылыс пен әскери іс-қимылға, Каспий акваториясын, су түбі мен қойнауларын бөлуге, кеме жүргізу режиміне, Каспий теңізінің биоресурстарын пайдалану мен табиғи ортасын қорғауға және теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты қағидаттар нақтыланған.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау бойынша келіссөздер 1994 жылы Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің теңіздегі ынтымақтастық мәселелерін реттеу мақсатында басталды. 1996 жылдың қараша айында Ашхабад қаласында өткен жағалаудағы елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі нәтижесінде Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл институттың кездесулері Каспий маңы мемлекеттерінің аумағында үнемі өткізіліп отырады. Бүгінгі таңда аталған жұмыс тобының 51 отырысы өткізілді. (соңғы кездесу 2018 жылдың 21-24 мамырында Астана қаласында өтті). Тараптардың келісімі бойынша, арнайы жұмыс тобының 52-ші қорытынды отырысын 2018 жылдың 10 тамызында Ақтау қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Каспийдің құқықтық мәртебесі Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесулерінде талқыланды. Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің келесі кездесуін 2018 жылдың 11 тамызында Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті қарсаңында өткізу жоспарланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel