RU
Роналдудың 18 жастағы футболшыдан қорқып қалғаны рас па?
Жаңалықтар Спорт

Роналдудың 18 жастағы футболшыдан қорқып қалғаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Криштиану Роналду "Реал Мадридтен" 18 жастағы Винисиус Жуниордан қорқып кетіп қалған. Бұл пікірді бразилиялық футболшының бұрынғы серіктесі Эвертон Рибейру айтты деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: goal.com

Фото: goal.com

Винисиус Жуниор "Реал Мадридке" мамыр айында келген.

Жасы енді ғана 18-ге келген футболшы үшін мадридтік Реал бразилиялық "Фламенго" клубына 45 миллион еуро төлеген. Ол 2018 жылы қатысқан 12 ойында төрт гол салып, үш нәтижелі соққы жасаған.

"Винисиус енді ғана 18-ге келді. Ол "Реал Мадридте" көшбасшылардың бірі болады деп ойлаймын. Тіпті, Роналду да бұл клубтан Винисиустан қорыққандықтан кетіп қалды деп есептеймін",- дейді Ривейру.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мадридтік Реалдан кететінін 10 шілде күні хабарлаған болатын. Ол енді Италияда жылына 30 миллион еуро алатын болады.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel