RU
Қариялардың батасынан аттап кете алмаған шымкенттік әкімге ел риза болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қариялардың батасынан аттап кете алмаған шымкенттік әкімге ел риза болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Тағайындалғанына әлі бір ай да толмаған Шымкент қаласы, Қаратау ауданының әкімі Исамидин Қантөреев халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдауға білек сыбана кірісіп кетті. Тіпті ауданға қарасты елдімекендерді аралап жүрген шенеунік елдің батасын да алуды ұмытпаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Қаратау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан алынды

Фото: Қаратау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан алынды

Басшының халықпен кезекті кездесуі "Асар" шағынауданының төбе билері және көше басқарушыларымен өтті. Мұнан соң Исамидин Қантөреев "Мәртөбе" тұрғын алабы және "Қайтпас" шағынауданы төбе билерімен кездесіп, елдімекен халқының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерімен танысты.

Фото: Қаратау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан алынды

Фото: Қаратау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан алынды

Қаратау ауданы әкімдігіндегілердің мәліметінше, әкім халықты алаңдатып отырған мәселелерді тікелей өз бақылауына алатынын және құзыретті мекемелермен тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін уәде етті.

Фото: Қаратау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан алынды

Фото: Қаратау ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан алынды

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel